Ресейден келген 70 мың адамға «ЖСН» берілді – Мусин

0
686

Министр өз сөзінде шетелдіктерге не үшін ЖСН берілетінін түсіндіріп көрді.


Ресейден келген 70 мың адамға «ЖСН» берілді – Мусин

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 21 қыркүйектен бері Ресейдің 70 мыңға жуық адамына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН – ИИН) берілгенін мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«21 қыркүйектен бастап Ресейден келген 70 мыңға жуық адамға ЖСН берілді», - деді Бағдат Мусин.

Министр өз сөзінде шетелдіктерге не үшін ЖСН берілетінін түсіндіріп көрді.

«Бәрі де олар карточка алу үшін ЖСН алғысы келеді деп ойлайды. Мемлекет үшін кез келген шетелдік азаматтың қай жерде заң бұзғанын, қайда қашан келгенін тіркеу маңызды. Біз ол адамға ЖСН бере отырып, оны бүкіл деректер базасына енгіземіз. Оның айыппұлына дейін біліп отырамыз. Біз оларды қалағалап отыруымыз керек. ЖСН – азаматтықтық бекітпейді», - деді ол.