Ресейліктер ЖСН арқылы қандай қызметтерді ала алады?

0
590

12 цифрдан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі жеке тұлғаға бір рет және өмір бойына беріледі.


Ресейліктер ЖСН арқылы қандай қызметтерді ала алады?

ERNUR.KZ. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірімен (ЖСН) шетелдіктер қандай қызметтер мен функцияларды ала алатынын айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

12 цифрдан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі жеке тұлғаға бір рет және өмір бойына беріледі.
"ЖСН шетелдік азаматқа қазақстандық байланыс операторында нөмірді тіркеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қаржы операциялары, соның ішінде аударымдарды және банк шоттарды және карталарды ашу мүмкіндігін береді", - деді министрлік өкілдері.

ЖСН шетелдіктерге мынадай рәсімдерді орындауға мүмкіндік береді:

  • егер шетелдік Қазақстандағы көздерден табыс алса, қазақстандық банктерде ағымдағы шот ашу;
  • Қазақстанда салық салынатын мүлікті, мысалы, автокөлікті сатып алу;
  • Қазақстан резиденттері саналатын заңды тұлғалардың басшылары тағайындаған кезде;
  • бейрезидентті заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің басшылары тағайындаған кезде.
"Жалпы ЖСН еңбек шартын жасасу, қызмет көрсетуге қаражат алу, салық декларациясын тапсыру, банктік және басқа да операцияларды орындау үшін қажет. ЖСН алу процесі барлық шетел азаматы үшін бірдей, кез келген шетелдік азамат өзінің жеке басын куәландыратын құжатпен, яғни төлқұжатпен келуі керек", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Паспортта кириллица немесе латын әліпбиі болмаған жағдайда төлқұжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы қажет екені хабарланды.