Олар Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
ERNUR.KZ. 13 қарашадағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Azattyq Rýhy
Соңғы мәліметке сәйкес Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әлі де «қызыл» аймақта.
Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары «сары» аймақта болса, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймаққа өтті.


