Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды

0
572

Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды.


Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған.

"Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде", - дейді Ахметов.
Оның айтуынша, 4 мотопомпа, 4 суасты сорғы іске қосылды.Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратына сәйкес, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылады.
"Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр", - деді облыс әкімі.