Риддерде табиғат аясында серуендеуге шыққан 14 жастағы қыз өзенге ағып кетті

0
580

20 адам табиғат аясында серуендеу үшін қаладан 5 шақырымға ұзап кеткен.


Риддерде табиғат аясында серуендеуге шыққан 14 жастағы қыз өзенге ағып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласынан 5 шақырымдай жерге серуендеуге шыққан 14 жастағы қыз өзенге ағып кетіп, мерт болды, деп жазады inform.kz.

Қалалық ТЖБ мәліметіне сүйенсек, оқиға 4 тамыз күні болған. 20 адам табиғат аясында серуендеу үшін қаладан 5 шақырымға ұзап кеткен.

Олар Громотуха өзенін таяз жерінен кесіп өтпек болғанда 14 жастағы қыздың аяғы тасқа тайып кеткен. Соның салдарынан өзенге құлаған ол қатты ағыннан қайта тұра алмады.

«Ағыс алып кеткен қызды ешкім құтқарып үлгермеді. Шақырту түскен соң көп ұзамай сол жерге 10 құтқарушы мен 5 полицей келіп жетті. Іздестіру жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Қыздың денесі оқиға орнынан бес шақырымдай қашықтықта, жағадан 25 метр жерде табылды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына таулы жерлер мен ағынды өзендердің жағасына барғанда барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.