Rixos өкілдері тексеріс жүргізуге келген Маңғыстаудың бас санитар дәрігерін кіргізбей қойған

0
695

Бас санитар дәрігер тексеріс жүргізу үшін Rixos-қа үш рет барған.


Rixos өкілдері тексеріс жүргізуге келген Маңғыстаудың бас санитар дәрігерін кіргізбей қойған

ERNUR.KZ. Маңғыстаудың бас санитар дәрігері Әсима Жарылғасованы Rixos қонақүйіне тексеріс жұмыстарын жүргізуге кіргізбей қойған, деп жазады tengrinews.kz.


"Кеше біз тексеріс жүргіземіз деп Rixos-қа үшінші рет бардық, бірақ онда кіру мүмкін болмады. Бүгін түстен кейін қонақүй өкілдері бізге неге рұқсат берілмегенін түсіндіреді. Біз, мемлекеттік органбыз, мұндай іс - әрекеттер біздің жұмысымызға кедергі болады, бұл үшін жауапкершілік қарастырылады", - деп келтіреді басылым Әсима Жарылғасованың сөзін.

Санитар дәрігер демалыс орындарын тексеру алдын ала ескертусіз жүргізілетінін түсіндірді.