Қазір бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда апалы-сіңлілер мен арбадағы бір жарым жасар баланы мас күйінде жүргізіп, соғып кеткен әйел туралы жаңа деректер пайда болды. Апаттан аман қалған сіңлісі оқиғадан бірнеше секунд бұрын жүргізуші қолы болмаса да машина жүргізе алатындығымен қалай мақтанғанын айтты, деп хабарлайды "Евразия бірінші" арнасы.
Оқиға 19 және 20 жастағы Алина мен Ділназдың кішкентай бауырын арбаға отырғызып, жүріп бара жатқан кезде болды. Олар сол кеште серуеннен үйіне келе жатқан.
Қазір бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі қыздың біреуінің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр дәрежеде деп бағалады. Ал екінші қыз ауыр жарақат алған.
"Жабық бас сүйек-ми жарақаты мен омыртқаның кеуде бөлігінің жабық сынуы анықталды. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта жедел түрде емдеу қажет болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.