"Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың әрекетіне алаңдаушылық білдірді

0
86

Ресейде Қазақстаннан карантиндік астықты заңсыз әкелу фактілері анықталды.


фото: канал пресс-службы акима Павлодарской области

ERNUR.KZ. "Россельхознадзор" қазақстандық экспорттаушылардың 2024 жылдың қазанында енгізілген уақытша тыйымдарды орындамағанына алаңдаушылық білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Еске салайық, 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Қазақстаннан шыққан бидай, зығыр және жасымықты, оның ішінде үшінші елдерге жөнелтуге арналған (жанама ауыстырып тиеу кезінде) өнімді Ресей аумағына әкелуге уақытша шектеулер енгізілген болатын.
Ресей мемлекеттік мекемесі қазақстандық астық өнімдерін әкелу жағдайлары анықталғанын хабарлады: инфрақұрылымы астықты тікелей ауыстырып тиеуді қамтамасыз етпейтін "Ростов теңіз мультимодальды порты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Темрюк теңіз сауда порты" АҚ әрқайсысына 5 мың тоннадан бидай жеткізілген.
Бірқатар жағдайда келіп түскен өнімдерден ЕАЭО үшін карантиндік зиянкестер анықталды.
"Бұл жағдай Ресей Федерациясының аумағы бойынша карантиндік нысандардың таралу қаупі жоғары және жалпы порттық инфрақұрылымды пайдалануға байланысты Ресейлік астықтың экспорттық партияларының зақымдануына әкелуі мүмкін", - деп хабарлады "Россельхознадзор" баспасөз қызметі.
Ресейлік фитосанитариялық ведомство қазақстандық тарапқа ЕАЭО карантиндік фитосанитариялық талаптарын және енгізілген шектеулерді сақтауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау қажеттігін ескертті.