Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің денесі табылды

0
587

Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен.


Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 24 тамызда болған.

«Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазігі кезде өлімнің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.