Автобус жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады, деп жазады inform.kz.
– Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. 7 желтоқсанда пәтерден 62 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасаған. Марқұм өзін-өзі асу арқылы өлтірді деген болжам бар, - дейді құқық қорғау органдары.
Оқиға автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.