Рұқсат етілмеген митингілер: 80 қазақстандық полицияға жеткізілді

0
644

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.


Рұқсат етілмеген митингілер: 80 қазақстандық полицияға жеткізілді

ERNUR.KZ. 1 наурызда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болған 80 адам ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бас прокуратура бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, кеше азаматтар экстремист ұйымдар тыйым салған аумақтарда рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырмақшы болды", - деді министр.
Оның айтуынша, полиция қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстау үшін шаралар қабылдады.
"Шамамен 80 адам ішкі істер органдары мен полицияға жеткізілді. Кейін барлығы үйлеріне жіберілді. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Екеуі полицияға қарсылық көрсетті, біреуі рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақшы болды", - деді министр Тұрғымбаев.