Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Құжатта.
Бұған дейін ол ҚР Бас штабының бастығы қызметін атқарған.