Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Руслан Желдібай ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын» делінген Жарлықта.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан бастап Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылғы 14 сәуірден бері ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.