"Сабынды iPhone деп ойлаған": Алматылық тұрғынның оғаш қылығы полиция шақыртуға себеп болды

0
576

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам телефон орнына сабынмен қоңырау шалуға тырысқан.


Фото видеокадрдан алынған

ERNUR.KZ. Алматыдағы бір үйдің тұрғындары сабынды телефон ретінде пайдаланбақ болған жігіттің оғаш қылығына таңданып, кейін полицияға шағым түсірді, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам телефон орнына сабынмен қоңырау шалуға тырысқан. Жігіт жалаңаяқ, белден жоғары киімсіз тұрған.

"Жас жігіт ауладағы барлық баланы шошытып тұр, үйге кіре алмай жүрміз. Ол подъездің алдында тұр, қолында сабын бар", – деді тұрғындардың бірі.

Жігіттің өзі қолындағы затты сабын емес, iPhone 10 деп түсіндірген.

"27-пәтерді жалдап тұрамын. 2GIS-ке кіріп, ешнәрсені баспай-ақ көрсеткім келеді. Телефоным дұрыс істемей тұр. eGov-қа кіруім керек. Үйден жүгіріп шықтым, қызды шығарып салдым. Аяқкиім қайда екенін білмеймін, қазір таксиге мінемін", – деп ер адам видеода сөйледі.

Алматының полиция департаменті тұрғындардың шағымына жауап бергенін айтты. Ер адам ұсталып, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

"Оның жеке басы анықталды. Оқиғаның нақты мән-жайы мен оның мұндай әрекетінің себебі тергеу барысында анықталады", – делінген полиция хабарламасында.