Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов апелляциялық шағым түсірді

0
475

13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды.


Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов апелляциялық шағым түсірді

ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың аса қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты іс бойынша аппеляциялық шағым түсірді, деп жазады stan.kz.

Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағым түсіргені туралы ақпарат 27 мамырда Сот кеңсесінің сайтында жарияланды.

13 мамырда Гастро орталығының директоры Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұрынғы экономиа министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.