«Салтанаттың тағдырын қайталады»: Щучьеде азаматтық некедегі күйеуі жас әйелін сабап өлтірген

0
148

​Қазір күдікті изоляторда.


«Салтанаттың тағдырын қайталады»: Щучьеде азаматтық некедегі күйеуі жас әйелін сабап өлтірген

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Щучье қаласында азаматтық некедегі ер адам жас қызды өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл фактіні журналистерге Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.

«Алдын ала болжам бойынша, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде әйелін аяусыз ұрып, өлтірген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желідегі халық бұл оқиға азаматтық некедегі күйеуі, экс-министр Қунадық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өліміне ұқсайтынын, Қазақстанда әлі де әйел адамдар толық қорғалмаған деген ойларын жазып жатыр.