«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2025 жылдың үздік қайырымдылық қоры атанды

0
92

Қор еліміз бойынша инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет бағытындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.


 «Samruk-Kazyna Trust» қоры 2025 жылдың үздік қайырымдылық қоры атанды

Фото: Samruk-Kazyna Trust

ERNUR.KZ. Қор «Қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа» ие болып, қайырымдылық саласындағы үздік ұйым ретінде марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен тағайындалған марапатты Республикалық қайырымдылық форумында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл тек құрмет белгісі емес, бұл қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің, сенімнің және іске асқан нақты істердің айғағы», - деп атап өтті корпоративтік қор басшысы.

Қор еліміз бойынша инклюзия, денсаулық сақтау, білім, спорт пен мәдениет бағытындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. 2025 жылдың 9 айында қор 39 қайырымдылық жобаны жүзеге асыруда. Жобалар аясында 188 мыңнан астам адамға көмек көрсетіліп, 184 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.