Сара Назарбаева ашқан «Бөбек» қоры қайта ұйымдастырылатын болды

0
296

Құжат жария талқылауға ұсынылды.


Сара Назарбаева ашқан «Бөбек» қоры қайта ұйымдастырылатын болды

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыратыны жайлы АШЫҚ НҚА-да құжат жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын, - делінген құжатта.

Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы инклюзивті білім беру бойынша ғылыми-зерттеу қызметі және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету болып айқындалмақ.

Еске салсақ, Сара Назарбаева 1992 жылдың ақпанында «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалап, қордың президенті қызметін атқарды.