Сарандағы сатушының жантүршігерлік өлімі: қылмыстың себебі белгілі болды

0
123

Ол дүкен кассасындағы қолма-қол ақшаны иемденгісі келген, алайда әйел қарсылық көрсетеді деп күтпеген.


Сарандағы сатушының жантүршігерлік өлімі: қылмыстың себебі белгілі болды

видео кадры

ERNUR.KZ. Саранда сатушыны айуандықпен өлтірді деген 50 жастағы күдікті алғаш рет куәлік берді, деп жазады tengrinews.kz.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жауап алу кезінде күдікті ақша үшін тонауға барғанын айтқан. Ол дүкен кассасындағы қолма-қол ақшаны иемденгісі келген, алайда әйел қарсылық көрсетеді деп күтпеген.

"Күдікті қамауға алынды. Ауыр қылмыс жасауға түрткі болған себеп ақша екені анықталды. Ер адам зорлық-зомбылық көрсетіп, пышақпен қорқытып, дүкен кассасын иемденуге тырысты. Алайда сатушы қарсылық көрсетті, салдарынан ол пышақ жарақатын алып, қайтыс болды", - деді облыс полициясының баспасөз қызметі өкілі.

Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленген.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қала және облыс полициясының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы тергеу тобы құрылды", - деп толықтырды ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Саран қаласында қайғылы оқиға болғаны хабарланды. Желіде Саран қаласындағы дүкендердің бірінде қарақшы сатушыға пышақ сұққаны көрінетін видео тарады.

Кейінірек Саранда сатушы әйелді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды.