Сарбазды ұрып өлтірген офицер 7 жылға сотталды

0
231

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.


Сарбазды ұрып өлтірген офицер 7 жылға сотталды

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіров 7 жылға сотталды. Бұл туралы қоғам белсендісі Ринат Рафхат әлеуметтік желісінежазды, деп жазады BAQ.KZ.

“Бүгін Алматы гарнизонының әскери сотында мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шықты.
Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке «билiктi асыра пайдаланды» деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Әскердегі әлімжеттіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды”, - деп жазды Рафхат.

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.