Сәтбаевта қара қар жауды: экологтар себебін анықтады

0
318

Ауаны ластаушы кәсіпорынға айыппұл салынды.


Сәтбаевта қара қар жауды: экологтар себебін анықтады

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Сәтбаев қаласындағы қардың қап-қара болуына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Zakon.kz.

Бұған дейін желіде Сәтбаев қаласының тұрғындарының қара қар туралы ақпарат тарады.
"Экология департаментінің қызметкерлері бұл құбылыстың себептерін анықтады: ластаушы заттардың қайнар көзі "Kazakhmys Distribution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу электр станциясындағы қазандықтарынан атмосфераға түсетін шығарындылардың тазарту қондырғылары арқылы толық тазартылмауы", -делінген хабарламада.
2024 жылы Ұлытау облысы бойынша экология департаменті осыған ұқсас факті бойынша "Kazakhmys Distribution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тексеру жүргізген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 42,9 млн теңге айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
"2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап Экология департаменті "Kazakhmys Distribution" ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Қазір мамандар ЖЭО-ның шығарынды көздерінен әрі қарай талдау үшін сынама алып жатыр. Анықталған бұзушылықтар және қабылданған шаралар туралы ақпарат тексеру аяқталғаннан кейін беріледі", - деп атап өтті ведомство.