Селфи жасамақ болған жігіт Үлкен Алматы көлінде плотинадан құлап кетті

0
893

35 жастағы ер адам әдемі фонда селфи жасамақ болып, техникалық баспалдаққа шыққан.


Селфи жасамақ болған жігіт Үлкен Алматы көлінде плотинадан құлап кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам Үлкен Алматы көлінде селфи жасамақ болғанда құздан құлап кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«14 маусымда кешке Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне мертіккен жігіт туралы ақпарат түсті. Куәгерлер хабарлағандай, Үлкен Алматы көліндегі биіктігі 50 метр плотинадан селфи жасамақ болған жігіт төменге құлап кеткен және төменнен шығып жатқан айғайға қарағанда ол – тірі», - деді Республикадық жедел құтқару жасағынан.


Альпинистік құрал-жабдықпен түскен құтқарушылар каскадты баспалдақтардың бірінен жігітті алып шықты.

«Оның тек 2 саусағы сынып, сан еті жырылған. Құтқарушы медиктер жігітті альпинистік троспен алып шығып, жедел жәрдемге табыстады», - деді Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметінен.

35 жастағы ер адам әдемі фонда селфи жасамақ болып, техникалық баспалдаққа шыққан.

Тепе-теңдік сақтай алмаған соң төменге құлдилап кеткен.