Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.
Фото: Ахай облысының әкімдігі
ERNUR.KZ. Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жылы Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы "Стройдеталь" жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған.
2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.
2018 жылы Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.