Бұл ақпаратты Экология және табиғи ресурстар министрлігі таратты.
ERNUR.KZ. Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің күштері мен техникалары жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz.
Жауапты министрліктің мәліметінше, 16 шілдеде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Қамышенка орманшылығында тұтанған орман өртінің 28 шілдеде толықтай сөндірілген.
"Барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді әрі бірлескен жұмысының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді", – делінгенминистрлік хабарламасында.


