Семейде 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап мерт болды

0
706

Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.


Семейде 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. 3 тамызда Семейде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған қыз бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады, деп жазады BAQ.KZ.

Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз! Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
  • Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!