Жыл басынан бері Абай облысында мұндай 10 оқиға тіркелген.
Фото: Freepik.com
ERNUR.KZ. Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бір жасар бала терезеден құлап, көз жұмды. Бұл – Абай облысында биыл тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес. Жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауына байланысты 10 оқиға тіркелген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
«Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар. Терезенің алдына жиһаз қоймаңыздар, ал маса торын қорғаныс құралы ретінде қабылдамаңыздар. Ол баланың салмағын көтермейді. Осындай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.


