Марқұмның көпсалалы колледжде оқығаны белгілі болды.
Фото: biwork.ru
ERNUR.KZ. Семейде геодезия және картография колледжінің бірінші курс студенті басқа оқу орнында оқитын жасөспірімді өлтіріп кеткен. Қайғылы оқиға 5 қазанда кешкі уақытта дүкеннің жанында болған, деп жазады stan.kz.
Мәліметтерге сенсек, 17 жастағы бірінші курс студенті басқа оқу орнында оқитын 16 жастағы студентпен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бірінші курс студенті жасөспірімді ұрып-соғып, оның өліміне себепкер болған.
Марқұмның көпсалалы колледжде оқығаны белгілі болды.
Полиция аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда өлімге әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.