Семейде бұзауларды жигулидің артқы орындығына тиеп алған ер адам ұсталды

0
262

35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Семейде бұзауларды жигулидің артқы орындығына тиеп алған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Абай облысының тұрғыны "жигулейдің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады, деп жазады stan.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы баптың санкциясымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында тірі қойларды мотоцикліне байлап, көшеде келе жатқан ер азаматтың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскенін жаздық. 2 тамызда Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынан қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Алғашқысы, транспортты құжатсыз айдағаны және мотоциклдің мемлекеттік нөмірі болмаған үшін, екіншісі, мотошлем тақпағаны үшін жауапқа тартылды.