Семейде кондукторлар «көтеріліске» шықты

0
612

Тасымалдаушы компанияда қандай жанжал болғаны бізге беймәлім. Бірақ жұмысшыларға басу айтуға қала әкімінің өзі барған.


Семейде кондукторлар «көтеріліске» шықты

ERNUR.KZ. Семей әкімдігінің хабарлауынша, бүгін "Semey bus" ЖШС-ның автобустары түгел жолға шықпаған. Себебі қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен кондукторлары қызметтегі кикілжіңге байланысты жұмыс істеуден бас тартқан, деп жазады Алтайньюс.

Тасымалдаушы компанияда қандай жанжал болғаны бізге беймәлім. Бірақ жұмысшыларға басу айтуға қала әкімінің өзі барған.

"Оқиға орнына қала әкімі мен бейінді бөлім басшылары барды. Қазір автобустардың жартысы жолға шықты. Қоғамдық көліктің қозғалысы біртіндеп қалыпқа келуде" – деп жазылған ШҚО әкімдігінің Instagram парақшасында.