Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берген.
Фото:gov.kz
ERNUR.KZ. Аумақтық сайлау комиссиясы 12 қазанда өткен Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау қорытындыларын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Абай облысы Семей қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ведомство мәліметінше, сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берген. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, "Барлығына қарсымын" жолында белгісі бар – 4310.ЕСТЬ
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
- Бекжасаров А.Қ. – 9763;
- Қожанбаев Ә.Н. – 89441;
- Төлеуов Қ.М. – 12 557.
"Абай облысы Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды. Ол 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған", - делінген хабарламада.