Ғылыми жоба озон қабатының тесілуі мен қоршаған ортаға әсерін қалпына келтіруге арналған.
ERNUR.KZ. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Мағжан Серікбаев пен Диас Маратов жердің озон қабатын қалпына келтірудің тың әдіс-тәсілін ойлап тапты, деп жазады 24.kz.
Ғылыми жоба озон қабатының тесілуі мен қоршаған ортаға әсерін қалпына келтіруге арналған. Олар алдымен озон өндіретін зауыт салып, дайын өнімді құбыр арқылы стратосфераның қажетті бөлігіне жеткізуді жоспарлап отыр.
Дәлдік үшін Lockheed Martin компаниясының дирижаблдерін де пайдалану көзделген. Бұл жоба жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық байқауда жүлделі 2 орынға ие болыпты.
Мағжан Серікбеков, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Біз бұдан озонды ауаның тазаруынан пайдаланбаймыз, біз озонды жинап, оны 40 шақырым биіктікке көтеретін боламыз. Яғни технологияда көптеген жақсы материал бар. Оның біреуі – тефлон, политрофты фторитен деп аталатын материал. Бұл біз үшін 40 шақырым биіктікке осы озон газын көтеруге жағдай жасап береді. Озон динамикасын зерттеп отыратын спутник, сол арқылы берген ақпарат бойынша озонды сеуіп отырады. Ең бірінші жоспарымыз – осы жобаны патенттеу. Ғылыми кеңесшімен ақылдаса отырып, біздің өзіміздің есептеулеріміз бойынша озон тесігін 3-4 жылда қалпына келтіре аламыз.