Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді

0
113

Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді

Фото: коллаж inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Biz Birgemiz қайырымдылық қорының құрылтайшысы, блогер Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жаады inbusiness.kz.

"Тиісті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Олар тергеу қорытындысын қоғамға хабардар етеді. Егер тергеу тұлғалардың (қатыстылығын) дәлелдесе, әрі қарай тиісті шешім қабылдайды. Олар заң алдында қатаң жазаға тартылатын болады. Тергеу әділ өтеді дегенге күмән келтірмеген жөн. Барлық дерек анықталады. Бұл тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылатын болады", – деді Мәулен Әшімбаев.

Тілшілер "Осыған дейін Перизат Қайрат айтқан оңалту орталығының құрылысын қолдадыңыз ба? Өзі туралы не айта аласыз?" деп сұрады.

"Онымен жақын таныс болған жоқпын. Өздеріңізге белгілі, мен көпшілік алдына жиі шығамын, түрлі іс-шараларға барамын. Онда көптеген адаммен кездесемін. Әр аптада бірнеше іс-шара болады. Бәлкім, кейбір шараларда ол да болған шығар", – деді Сенат спикері.

Айта кету керек, осыған дейін қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат су тасқынына жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.