Шахтадағы апат: Қаза тапқандар тізімі жарияланды

0
598

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.


Шахтадағы апат: Қаза тапқандар тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі апат кезінде қаза тапқан жұмысшылар тізімі жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Кеніштегі апат кезінде қаза тапқандар тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Еске салайық, бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.