Щучинск қаласында аға-жеңгесі мен бауыры жабылып жүріп бір полицейді сабап тастаған

0
185

​Оларды полиция анықтап, қолға түсірді.


Щучинск қаласында аға-жеңгесі мен бауыры жабылып жүріп бір полицейді сабап тастаған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Щучинск қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам оны тоқтатқан полицейді соққыға жыққан. Төбелеске оның әйелі де, бауыры да араласқаны анықталып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға туралы аймақтық пабликтердің бірі ақпарат таратқан соң, облыстық полиция департаменті тиісті комментарий берді. Дереккөзге сүйенсек, қазір полицейді ұрған бірнеше адам анықталып, ұсталған.

«Өткен сенбі күні учаскелік полицей аумақты патрульдеп жүргенде, УАЗ маркалы көлікті тоқтатқан. Анықталғандай, оны жүргізіп келе жатқан 1978 жылғы азамат жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Осыны анықтаған полиция қызметкерін ол бетінен бірнеше рет ұрып жіберген. Одан кейін көлік ішінен оның бауыры, әйелі шығып, полицияға жабыла кеткен», - деп жазады паблик.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, ұсталған.