Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам сотталды

0
1 375

Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам 16 жылға сотталды.


Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам сотталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылдың қазанында Сергей Воронцов мас күйде тәртіп сақшыларының көлігіне соғылып, екі полицей қаза тапты, кейін ол бірінші сот үкімін апелляцияға берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін Бурабай аудандық сотының 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімімен Сергей Воронцов көлікті ұрлап әкеткені және мас күйде екі полицейдің өмірін қиған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталған болатын.

Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, Сергей Воронцовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.

"Апелляциялық сот инстанциясы зардап шеккендердің пікірін, жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығын ескеріп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімін 16 жылға дейін ұлғайтты. Ол сондай-ақ, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 2020 жылдың қазанында 25 жастағы Сергей Воронцов анасының көлігін ұрлап, мас күйде бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетіп, екі полиция қызметкері отырған көлікке соғылды. Тәртіп сақшылары оқиға болған жерде қаза тапты, олар полиция капитаны Қанат Отарбаев және полиция капитаны Қанат Хамидуллин.

Тағы екі адам түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.