Шекара маңындағы ауылдарда тұратын халықтың жалақысына үстемеақы қосылады

0
737

Елімізде 65 ауданда 1,7 млн халық барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар.


Шекара маңындағы ауылдарда тұратын халықтың жалақысына үстемеақы қосылады

ERNUR.KZ. Ауылдық аумақтарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы аясында шекара маңындағы ауылдық округтерінде тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, елімізде 65 ауданда 1,7 млн халық барлығы 1283 шекара маңындағы ауыл бар. "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру аясында биыл 140 шекара маңындағы ауылда 290 жобаны іске асыру жоспарлануда.
"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, Тұжырымдама аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу, отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле және радио хабар таратуын қамтамасыз ету, еңбек тапшылығы бар шекара маңы ауылдық округтеріндегі тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу және оларға басқа да жеңілдіктер беру мүмкіндігі көзделген", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы дамытылады. Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі – "Ауыл аманаты" жобасы іске асырылады.
Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникамен және жабдықпен лизингке қамтамасыз ету шаралары жоспарланып отыр.