​Шекарашылар «Павлодар - Барнаул» бағытындағы автобустан іздеуде жүрген адамды ұстады

0
1 090

Қазақстандық шекарашылар іздеуде жүрген адамды ұстады.


​Шекарашылар «Павлодар - Барнаул» бағытындағы автобустан іздеуде жүрген адамды ұстады

ERNUR.KZ. Қазақстандық шекарашылар іздеуде жүрген адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодар шекара отрядының «Шарбақты-авто» өткізу бөлімшесінде өткен түнде «Павлодар - Барнаул» бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында екі қазақстандық ұсталды.

«Оларды ұстауға себеп болған 48 жастағы әйелдің косметикалық сөмкешесіндегі қоңырқай сұйықтық (апиын ерітіндісі болуы мүмкін) толтырылған 10 мг медициналық шприц болатын. Шприцті шекарашылардың есірткі іздеуге үйретілген иісшіл ит тауып берген. Ұсталған әйелді және оның жанындағы 37 жастағы серігін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексерген кезде, ер адам Ресей Федерациясы Қылмыс кодексінің 162 бабының 2-бөлігі бойынша жасалған (алдын ала сөз байласқан топ құрамында, қару қолданып қарақшылық шабуыл жасау) қылмысы үшін Ресей құқық қорғау органдарының іздеуінде жүргендігі анықталды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар Шарбақты аудандық полиция бөліміне тапсырылған.