Шекарашылар жалған құжатпен өтпек болған екі Иран азаматын ұстады

0
755

Олар Италия Республикасының жалған паспортымен ұшпақ болған.


Шекарашылар жалған құжатпен өтпек болған екі Иран азаматын ұстады

ERNUR.KZ. "Алматы" әуежайында шекарашылар екі ирандықты Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады, деп жазады baq.kz.

12 қазан күні сағат 06.30-да "Алматы" әуежайындағы "Алматы" өткізу пунктінде шекарашылар Италия Республикасының жалған паспортымен "Стамбул – Алматы" бағытымен ұшпақ болған екі Иран азаматын анықтады.
Шекара наряды рейсті ресімдеу кезінде бақылауға ұсынылған құжаттардың жалған екенін анықтады. Соңынан бұл құжаттарды ұсынған Иран азаматтары екендігі белгілі болды.
Құжаттарды тексеретін шекара наряды аталған паспорттарды тексерді. Нәтижесінде ұсынылған паспорттар бекітілген үлгіге сәйкес келмейтін болып шықты.
""Алматы" өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынған псевдоиталияндықтардан Иран азаматтарының паспортын тауып алды. Құқық бұзғандар анасы мен қызы екені белгілі болды", - делінген хабарламада.