Әкімдік Шерзаттың отбасына не себепті әлі көмектеспеген?
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Марқұм Шерзат Болаттың отбасы басқа баспанаға көшірілді. Бұл туралы құқық қорғаушы Амангелді Айталы айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік", – деді Амангелді Айталы.
Сонымен қатар, отбасының адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.
"Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда, өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді", – дейді отбасының адвокаты Саида Тәуекелова.