Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады

0
804

Қызмет Жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.


Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады

ERNUR.KZ. Енді шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде "Электрондық Үкімет" порталында құжаттарды онлайн тапсыра алады, деп жазады baq.kz.

Қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, "Бакалавриат", "Магистратура", "Резидентура" немесе "Докторантура" бағдарламалары бойынша шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыру мүмкіндігін ұсыну мақсатында онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар, қызметке тапсырыс бере отырып, сіз білім алғыңыз келетін ел мен мамандықты порталда көрсетуге мүмкіндігіңіз бар - деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті пайдалану үшін порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін "Білім" қосымша бетінде "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" дегенді таңдап және қызметке тапсырыс беру қажет. Бұдан әрі білімі, отбасы жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтер, жалпы мәліметтер көрсетілген барлық қажетті жолдарды толтырып және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль көмегімен қол қою (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет) қажет.Қызмет көрсетудің нәтижесі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не пайдаланушының "Жеке кабинетіне" түсетін Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Қызмет Жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.