Салықшылар шетелдегі қазақстандықтардың табыстарын тапты. Бүгінгі таңда ақпарат алмасу 89 шетелдік юрисдикциямен жүзеге асырылады.
фото: buhgalteria.ru
ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік салық мекемелерінің ақпараты негізінде Қазақстан азаматтарына жүргізілген тексеру нәтижесін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстанның 2 мыңнан астам резидентіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1 602 қазақстандық 5,4 миллирад теңге сомасына жеке табыс салығын төледі.
Жыл сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті құзыретті органдардың қаржы шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (CRS) және ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге (FATCA) сәйкес шетелдік юрисдикциялармен CRS және FATCA шеңберінде берілетін және алынатын мәліметтерге бейрезиденттердің банктік шоттары, инвестициялық активтері, сақтандыру шарттары және кірістері туралы деректер кіреді.
Есеп беретін қаржы мекемелері жыл сайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне телекоммуникациялар желісі бойынша 026.00 және 019.00 нысандары бойынша есеп береді. Екі механизм де халықаралық қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға және салық төлеуден жалтаруға қарсы күресуге бағытталған.