"Шетелден келген ": Атырауда коронавирус жұқтырған соңғы үш науқас туралы дерек шықты

0
706

Індет жұқтырған барлық пациенттер инфекциялық стационарда жатыр


Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адамға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы соңғы тіркелген 3 науқасқа қатысты мәлімет берді. Олардың бірі бұрын коронавирус расталған Орал тұрғынымен байланыста болған.

37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны вирус жұқтырған оралдық әйелмен байланыста болғандар тізімінде тұрған. Туған жеріне оралғаннан кейін одан ауру анықталған.

Екінші ауру жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт, 27 наурыз күні әуежайға қонған «Ыстанбұл-Атырау» арнайы рейсінің жолаушысы. Жігіт ЖРВИ айқын белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Карантинде болған кезде коронавирусқа тесті қайта тексерілгенде расталды.
Бұл рейспен сондай-ақ 28 наурызда жастағы әйел де келген. Ол әуежайдан ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жеткізілген, кейін ауру жұқтырғаны анықталды.
Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен шағымданған. Одан алынған тест әйелдің коронавирусқа шалдыққанын көрсетті, қазіргі кезде науқаспен байланыста болған адамдардың тізімі құрылуда. Бұдан басқа, Атырау облыстық Денсаулық сақтауң басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, індет жұқтырған медициналық қызметкерлер мен пациенттер оқшауланған.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адам болды. Барлық пациенттер инфекциялық стационарда жатыр. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге жатқызылуда.