Шетелдіктер 13 ақпаннан бастап ХҚКО бөлімшелерінде ЖСН ала алмайды: себебі белгілі болды

0
113


Шетелдіктер 13 ақпаннан бастап ХҚКО бөлімшелерінде ЖСН ала алмайды: себебі белгілі болды

Фото: gov4c.kz

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 12 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) шетелдіктердің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп жазады zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация 13-16 ақпан аралығында уәкілетті мемлекеттік орган тарапында техникалық жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді.

"Осыған байланысты, 13 ақпан күні сағат 09:00-ден бастап ХҚКО-лар мен Көші-қон қызметі орталықтарында "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру" қызметі уақытша қолжетімсіз болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- делінген ведомство мәліметінде.