ЖСН туралы қосымша ақпарат елшілік сайтында жарияланады.
ERNUR.KZ. Шетелдіктерге әзірге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілмейді, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін болған пилоттық жоба бүгін бітеді. Бір жылда 435 мыңдай шетел азаматы Қазақстанның ЖСН-ін алған.
"Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
ЖСН туралы қосымша ақпарат елшілік сайтында жарияланады.