ШҚО-да аудан әкімі 800 мың теңге парамен ұсталып, түрмеге қамалды (фото)

0
2 430

Аудан әкімі уақытша ұстау изоляторына қамалды.


ШҚО-да аудан әкімі 800 мың теңге парамен ұсталып, түрмеге қамалды (фото)

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов жемқорлық қылмысы күдігі бойынша қолға түсті. Шенеунікті ұстау операциясын жұма күні ШҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізген деп жазады nur.kz.

Расталған ақпаратқа сәйкес, Сыдықов кәсіпкерден 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Бұл ақшаға шенеунік жер учаскесін ұзақ мерзімді жалдау құқығын қайта тіркеу туралы мәселеге оң шешім шығару керек болыпты.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 3-ші бөлігі бойынша іс қозғалған.

Сыдықов уақытша ұстау изоляторына қамалды.