ШҚО-да әжей жертөлеге құлап, соның ішінде жарты күн жатқан

0
406

Оны көршілері түстен кейін ғана есіген.


ШҚО-да әжей жертөлеге құлап, соның ішінде жарты күн жатқан

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайский ауылында зейнеткер жертөледе жарты күн жатқан. Оны түстен кейін ғана көршілері естіпті, деп жазады stan.kz.

Әже тосап алу үшін таңғы 4-те жертөлеге түспек болып, ішіне сүрініп құлаған. Содан кейін өздігінен орнынан тұра алмапты. Осылай жарты күн жердің астында жатқан. Түскі астан кейін ғана көршілері оның айғайын естіп, жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан.

“Оқиға орнына учаскелік инспекторлар Азамат Балтабаев пен Орал Азамбаев жедел жеткен. Құтқарушылар мен полицейлер арқанның көмегімен зейнеткерді жертөледен шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қазір әже медициналық мекемеде мамандардың бақылауында.