ШҚО-да кеніште жұмысшы қайтыс болды

0
841

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комисия құрылып, тергеу жүріп жатыр.


ШҚО-да кеніште жұмысшы қайтыс болды

ERNUR.KZ. KAZ Minerals баспасөз қызметі ШҚО Артемьевск кенішінде болған жарылыстан бір адам қаза тапқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

«Samid» ЖШС жару жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қатты дүмпу әсерінен осы мердігер ұйымның жұмысшысы көз жұмды. Оқиға орнында қазір жұмыс тоқтатылған.

17 шілде күні сағат 20-00 шамасында орын алған бұл қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комисия құрылып, тергеу жүріп жатыр.