ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты қысқы дөңгелегі жоқ автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп жазады Stan.kz.
Шектеу облыстық маңызы бар Өскемен – Тарғын – Самара автожолына қатысты. “Қазавтожол” және “Қажсервис” өңірлік бөлімшелерінің мәліметінше, алдағы сағаттарда республикалық маңызы бар жолдарда да қар мен көктайғақ болады деп болжанады. Жол қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, техникалар жолдарға шығарылған.
“Жүргізушілерге аса мұқият болу, жылдамдықты арттырмау, арақашықтықты сақтау және аса қажеттілік болмаған жағдайда елді мекендерден шықпау ұсынылады”, – делінген “Қажсервис” ЖШС хабарламасында.
Құтқарушылар мен жол қызметтері қолайсыз ауа райында жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын және қысқы дөңгелектердің бар-жоғын алдын ала тексеру қажеттігін ескертеді.