ШҚО-да студент алимент өндіру үшін әкесін сотқа берді

0
469

Қаңтарда қыз 18 жасқа толды, әкесінің алимент төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылды.


ШҚО-да студент алимент өндіру үшін әкесін сотқа берді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының №2 сотының мәліметінше, ер адам баласына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендіктен, қызы оны сотқа берген, деп жазады stan.kz.

Қаңтарда қыз 18 жасқа толды, әкесінің алимент төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылды. Содан кейін әкесі оған қаржылай көмек бермейтін болған. Алайда қыз жылына 250 теңге төлеп, колледжде оқып жатыр.

"Егер ата-аналар 21 жасқа толмаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелетке толған балаларына ақша бермесе, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады”, – делінген соттың мәлімдемесінде.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, яғни дау медиация тәртібімен шешілді.