​ШҚО-да жастардың бизнес идеясын қолдау мақсатында 150-ден астам жобамен жұмыс жасалып жатыр

0
1 022

Жастарды қолдау үшін бүгінге дейін қабылданған бағдарламалардың толық орындалуын қалайды.


​ШҚО-да жастардың бизнес идеясын қолдау мақсатында 150-ден астам жобамен жұмыс жасалып жатыр

ERNUR.KZ. Еліміздің жастары – қоғамды алға сүйреуші үлкен күш. Сондықтан әрбір саяси науқаннан тыс қалған емес, деп жазады 24.kz.

Елде қабылданған шешімдер мен маңызды шараларда белсенділік көрсетіп, пікірлерін ашық білдіреді. Ал жастарды қолдау үшін бүгінге дейін қабылданған бағдарламалардың толық орындалуын қалайды. Қазір Шығыс Қазақстан өңірінің өзінде жастардың бизнес идеясын қолдау бойынша 150-ден астам жоба қолға алынған. Сол үшін 9 маусымдағы кезектен тыс өтетін президент сайлауын қолдап отыр. Аймақтағы жоғарғы оқу орындарындағы белсенді жастар бас қосып саяси науқанға қатысты өз пікрілерін білдірді. Олардың ойы бұған дейін бастаған жұмыс аяқсыз қалмауы тиіс дегенге саяды.

Қуат Рахымбердин, заң ғылымдарының докторы:

– 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Сондықтан жастар жауапкершілікті сезініп, дұрыс таңдау жасау керек екенін жақсы түсінеді. Ал кезектен тыс сайлаудың өткізілуі

– елдегі демократияның бір көрінісі. Осы категория бойынша: « Түркістандық әлеуметтанушылар: Президенттік сайлаудан ел үлкен үміт күтеді Жамбыл облысында су құбыры жоқ 13 ауыл таза ауызсумен қамтылмақ »